Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дәрігерлер шетелге оқуға бармаса, жұмыстан қуылады

Аймақ басшысы медицина мекемелерінің басшыларын белгілі шетел клиникаларында оқудан өтуді міндеттеді

Ал Еуропаға біліктілігін арттыруға бармайтын бас дәрігерлер жұмыстан босатылуы мүмкін.

- 2019 жылға дейін №1 қалалық аурухананың, "Ана мен бала" орталығының, облыстық онкологиялық диспансердің, облыстық аурухананың бас дәрігерлері, яғни, басшылары шетелге біліктілігін арттыру үшін оқуға барады. Біз шарттарды белгілеп отырмыз. Егер дәрігер бармаса, ол мекемені басқара алмайды. Жақын арада медицина саласында батыстық технологияларды меңгерген жас мамандар бас дәрігерлердің орындарын басатын болады. Сондықтан біз оларды Еуропаға оқуға жіберіп отырмыз, - деп мәлімдеді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының айтуынша, елдегі медицина мамандарын Кеңестік заманның тәжірибесімен оқытуда. Ал Еуропадағы медицина кадрларды кемінде 15 жыл дайындайды.

- Біздегі оқуды енді бітіріп жатқан дәрігерлеріміздің біліктілігі Еуропадағы дамыған технологияны меңгеруге сай ма? Әрине "жоқ" деп жауап бере аламын. Сондықтан жыл сайын шетелге 74 дәрігерді қайта оқытудан өтуге жібереміз. Сонымен қатар, келесі жылы аудандағы бас дәрігерлер де бұл қатарға қосылмақ, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

ШҚО басқа облыстарға қарағанда медицина кадрларын дайындау үшін үлкен қаражат шығындайды және алдағы уақытта бөлінетін қаражат көлемі әлі де артпақ.

- Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша күзде шетелге оқуға баруды жоспарлап отырмыз. Қаражат жағын тендер мәселесі шешеді. Әзірге нақты қай ел, қай ауруханаларға баратынымыз белгісіз. Қаражат жағы шешілсе, баруға ниеттімін, - дейді облыстық онкологиялық диспансердегі сәуле терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі Аймара Өміртаева.

Следующая →