Өскеменде "Сау қала" жобасы жүзеге асырыла бастады
ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау жөніндегі сарапшылар тобы "Сау қала" пилоттық жобасы аясында отырыс өткізді
Мұндай бағдарлама еліміздің Астана және Алматы қалаларында жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында қаланың демографиялық, экологиялық жағдайы ескеріле отырып, адам денсаулығын сақтау жолдары, оны емдеу тәсілдері жасалады.
- Соңғы сегіз айда бала өлімі азайды. Жанұя жоспарлау институтының болмаған соң, бала өлімі де көбейген болатын. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына да сол себеп болды, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.
Жақын арада сарапшылар тобы облыс басшылығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына "Сау қала" жобасын жасап жолдауды жоспарлап отыр.