16 жастағы ШҚО-ның әншісі Түркияны бағындырды
Көкпекті ауданының тумасы Елназ Бақытбекова ART-DANSE-TALENT-TURKEY-ANTALYA халықаралық музыка фестивалінде Бас жүлде жеңіп алды
Үздік атағы үшін ол әртүрлі елдердің, соның ішінде Түркия, Украина және Қазақстаннан жүзден астам талантты орындаушылармен бәсекелесуге мәжбүр болды. Елназ Бақытбекова Шығыс Қазақстан облысынан қатысып отырған жалғыз әнші.
- Бұндай масштабтағы байқауға қатысу маған үлкен құрмет пен үлкен тәжірибе болды. Мен облысымызды, ауданымызды және менің туған ауылым Құлынжонның намысын қорғағанымды мақтан етемін, - дейді Елназ.