Бесқарағайда жас жігіт тірідей өртеніп кетті
Кеше түнде Боғаз ауылындағы жер үйде өрт шығып, әйел адам үш баласымен қашып шыққан
Үйде газ баллоны болған және өрт шыққан уақытта жарылыс орын алған.
Өрт сөндірушілер жеткен уақытта үйдің басым бөлігі жанып кеткен. Құтқарушылар жалындап жатқан үй ішіне дереу кіріп, бір газ баллонын алып шыққан.
Үйде төрт адам болған: ер адам, әйел адам мен кәмелетке толмаған үш бала. Азаматша өзімен бірге үш баланы алып шығып үлгерген. Ал 25 жастағы жігіттің денесін құтқарушылар өртті сөндіру кезінде анықтаған.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өртке салғырттық себеп болуы мүмкін.