Төрт мыңға жуық шығысқазақстандық тегін білім алады
Өңір билігі биыл талапкерлерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 400 грант бөлген. Ал байқауға барлығы 921 өтініш келіп түст
Сонымен қатар, ШҚО басшылығы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді кадрларды даярлау үшін бөлінген қосымша 67 мемлекеттік тапсырыс грантына 46 өтініш келіп түскен. 46 өтініш иесі енді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тегін білім алады.
- Бүгінгі таңда 400 орынның 125-і бос. Оларды қажетті кадрларға бөліп беруді ұсынып отырмыз, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.
Айта кетейік, барлық 446 орынға жергілікті бюждет есебінен 5 млдр-қа жуық қаражат бөлінді және билік 446 баланы толығымен жұмыспен қамтамасыз етеміз деп сендіріп отыр. Одан бөлек 3406 шығысқазақстандық түлек республикалық бюджеттің грантын ұтып алды.
- Сонымен 446 грант иегері жергілікті бюджет есебінен оқытылатын болады. Барша ЖОО-на түсушілерді құттықтаймыз. Ешбір облыс осынша талапкерді жергілікті бюджеттен тегін оқытып отырған жоқ. Бізге балалар өңірде тегін білім алып қана қоймай, олардың университетті бітірген соң өңірдің дамуы жолында қызмет етуі маңызды, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.