Ізін суытқан жүргізуші іздестірілуде
Дүйсенбі күні Өскемен қаласының орталық көшелерінің бірінде екі жеңіл көлік соқтығысып, үлкен апат орын алды
Жол-көлік оқиғасы сағат 17.07 шамасында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы №33 үйдің жанында орын алған.
- Белгісіз көліктің жүргізушісі жолдың оң бөлігіне орналасар уақытта қауіпсіздікке назар аудармағандықтан, ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі бағытын күрт өзгертуге мәжбүр болған. Соның салдарынан ресейлік автокөлік жиектасқа шығып, бетон құрылымға соғылған, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
Ал жол-көлік оқиғасына себеп болған көлік жүргізушісі оқиға орнынан дереу ізін суытқан. Қатты соққыдан ВАЗ көлігінің алдыңғы бөлігі зақымданып, жүргізушісі жеңіл жарақат алса да, ауруханаға жүгінуге мәжбүр болған.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары аталмыш фактіге байланысты ҚР ӘПК 610-бабы "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша хаттама толтырды. Сол апатқа қатысы бар оқиға орынан кетіп қалған жүргізуші полиция қызметінің іздеуінде.