Өскеменде қайырымдылық кеші өтеді
Іс-шарадан түскен қаржы аутизммен ауыратын балаларды сауықтыруға жұмсалмақ
21 тамыз күні сағат 17.00-де "Наутилус" мейрамханасында Buen Corazon арт-кеші өтпек. Бағдарламаның басты кейіпкері Валентина Лободина натюрморт салудан шеберлік сыныбын өткізбек. Ал Құмаш Нұрғалиев атындағы колледждің суретші студенттері картина аукционын ұйымдастырып, түрлі сыйлықтар ойнатады. Мейрамхананың аспазшылары кешкі фуршет жасамақ.
- Біз бірінші рет қайырымдылық кешін ұйымдастырып отырмыз. Бұл кеш ойдағыдай өтетін болса, онда жыл соңында мерекелік бал өткіземіз, - дейді шараның ұйымдастырушысы Лилия Мамбурова.
Шеберлік сыныбына тек 15 адам ғана қатыса алады. Сондықтан оған алдын ала жазылу керек:
8-777-227-21-71 (Лилия), 8-705-665-05-70 (Анна)
Шеберлік сыныбына қатысу бағасы 15 мың теңге. Ал көрермен ретінде қатысу 10 мың теңге болмақ.