Бас сүйегі зақымданған бала ауруханаға жеткізілді
Кеше кешке Өскемен қаласында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды
Сегіз жасар қыз бала анасымен бірге бағдаршамнен өтіп бара жатқанда, күтпеген жерден шетел көлігі атып шыққан
Оқыс оқиға Қабанбай батыр көшесінде орын алды. Mitsubishi Carisma көлігінің тізгінінде 31 жастағы ер адам отырған.
- Ол Пристань жаққа бет алған уақытта Новаторов көшесіне бұрыла берісте жаяу жүргіншіні қағып кеткен, - дейді Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал ШҚО Ана мен бала орталығы жол-көлік оқиғасында зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілгендігін хабарлады.
- Баланың миы шайқалмаған, тексерістен кейін үйіне жіберілуі мүмкін, - деді аурухана директоры Ермек Омарбеков.