Суға батқан имамның денесі табылды
Он күн бұрын суға батып кеткен 36 жастағы имамның денесі Боран ауылындағы Қара Ертістен табылды
Естеріңізе сала кетейік, 29 шілде күні суға түсіп жүріп батып кеткен баланы құтқару үшін екі азамат суға секірген болатын. Өкінішке орай, асау толқын үшеуінің де өмірін жалмады. Олардың денесін іздеу жұмыстары бір аптадан артық уақытқа созылды. Бұған дейін кіші ұлының денесі табылса, кеше ғана имамның денесі табылды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, құтқарушыларға ауыл тұрғындары да көмек көрсетуде. Ал имамның 19 жастағы үлкен ұлы әлі де іздестірілуде.