Екі жылдан кейін моральдық залал ақысын алды
Өскемен қаласының тұрғыны екі жылдан кейін жол-көлік оқиғасынан келген моральдық залал үшін ақы өндіріп алды
ЖКО 2016 жылдың мамыр айында Ворошилов-Крупская көшелерінің қиылысында орын алған. Жолдан өтіп бара жатқан өскемендіктің денсаулығына орта деңгейлі залал келіп, бірнеше рет стационарда ем қабылдаған.
Зардап шегуші сотқа жазған арызында артериялық қысымының көтеріліп, толыққанды өмір сүруі мүмкін болмай кеткенін және өзінің науқас әйелі барын, үнемі дәрі-дәрмекке қаржы жұмсауға мәжбүр екенін көрсеткен.
Өткен жылдың 28 тамызында оған үшінші топ мүгедегі деген құжат берілген. Сонымен қатар, ЖКО салдарынан физикалық және моральдық зардап шегіп отырғанын алға тартқан. Сондықтан сотқа көлік жүргізушісінен моральдық залал үшін 1 млн теңге, ал дәрігерлер мен медициналық қызмет үшін 469 мың 539 теңге өндіріп беру туралы өтініш білдірген.
- Барлық жағдайды есепке ала отыры, сот моральдық залал ретінде 300 мың теңге өндіріп берген, - деп хабарлайды Өскемен қалалық сотының баспасөз қызметі.