Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қауіпті дәрілер кері қайтарылып жатыр

Облыс дәріханаларында "Вазар 80мг", "Вазар-H" және "Нортиван" препараттары айналымнан уақытша шығарылды

Себебі белгілі бір бөлігінен қауіпті қоспа табылған. Ол қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Ал бұл дәрілердің белсенді субстанциясын Қытайдың "Чжэцян Хуахай Фармасьютикалс" компаниясы өндірген.

Шығыс өңіріндегі фармацевтикалық компаниялардан "Вазар" және "Нортиван" деген дәрілердің 20 мыңнан астам қорабы тәркіленіп, карантинге жіберілді. Бұл препараттар коммерциялық желі бойынша сатылуға тиісті еді. Сондай-ақ оның бір бөлігі тұрғындарға дәріханалар арқылы тегін берілген. Бұл дәрілер қан қысымы жоғары адамдарға арналған. Енді ол препараттарды жою үшін дәріханаларға қайтаруды сұрап отыр. 
- Артериалды гипертония, инсульт және жүрек талмасы бар науқастарға арналған бірқатар препараттың құрамынан белсенді заттар табылған. Қытайдың фармацевтикалық компаниясына тиесілі бұл өнімдердің құрамында валсартан белсенді заты бар. Алайда бұл дәрілер қауіпті ауруларды емдеуде қолданылатындықтан, дәрігердің рұқсатынсыз кері қайтарып алынған препараттарды ішуді тоқтатуға болмайды. Осыған байланысты, валсартан қабылдайтын барлық пациент тез арада дәрігерге жүгініп, оны басқа препаратқа ауыстырып алуы керек, - дейді ҚР ДСМ Фармация комитетінің ШҚО бойынша департамент басшысының м.а Нұргүл Кунапьянова.
"Вазар", "Нортиван" және түрік компаниясы шығарған "Комби Кардофекс-сановель плюс" дәрі-дәрмектері нарықтан алынды. Осылайша, емделушілерге тегін медициналық көмек көлемі негізінде ұсынылатын препараттың қорабы ашылған болса да, дәріханалар оны қайтарып алуға міндетті. 
-  Бұл дәрілердің канцерогенді препарат екендігін ескере отырып, қосымша медициналық бақылау күшейтілетін болады. Әзірге осы препараттан жағымсыз әсер алып, денсаулығына нұқсан келгендер анықталған жоқ, - деді аймақтағы "СК Фармация" ЖШС өкілі Арай Асубаева.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО "Вазар" "Нортиван"