ШҚО-да елді мекендерге қауіп төндіретін 146 көл бар
«Казауылқорғау» ММ қызметкерлері Катонқарағай ауданында қауіптілігі ықтимал су нысандарын тексерді
Мамандар Сарымсақ өзенінің бассейнінің үш шөгінді су қоймаларына сараптау жүргізді. Зерттеушілер көлдің бірнеше аумағын және тереңдігін өлшеді.
- Тереңдіктің өлшемдері қайықтан эхолот дейтін дыбыс және ультрадыбыс тербелістері жиілігін тіркеу ұстанымына негізделген арнаулы құрылғының көмегімен өлшенді. Бұл өлшемдер жер асты суларын қалыптастыру және судың шамамен алынған көлемін есептеу үшін қажет, - деп атап өтті ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде. - «Қазауылқорғау» ММ мамандары Катонқарағайдың шөгінді көлдерін зерттеу нәтижелері бойынша қауіп-қатерді төндірмейді деген қорытындыға келді.
ШҚО-ның тауларында өңірлердегі 13 елді мекенге қауіп төндіретін 146 көл қалыптасты. Мұндай су қоймаларының көпшілігі Зайсан, Катонқарағай, Зырян және Риддерде орналасқан.