Өскеменнің Крылов көшесіндегі көпір жабылды
Көпір жөндеу жұмыстарын жасау үшін жабылды
Астана мен Протозанов көшесі бойында жөндеу жұмыстары жасалып жатыр, ал құрылысшылар енді екі көшенің ортасындағы көпірдің үстіне жөндей бастады.
Бұл көпір кеңейтілетін болады. Бұған бюджеттен 24 млн теңге қаржы бөлінген.
- Жоба бойынша, көпірдің үстіне екі жолақты жол салынады. Көпірдің екі жағындағы жаяу жүргіншілер жолы алынып тасталады да, ол жермен көліктер жүретін болады. Ал жаяу жүргіншілер көпірдің ортасындағы жолмен жүреді, - дейді "ДСУ-11" ЖШС директоры Илья Елфимов.
Көпірді кеңейту жұмыстары екі ай бойы жасалуы мүмкін. Алайда құрылысшылар оны ертерек бітіруді ойлап отыр.