Өскеменнің тұрғындары тағы да тұншығуда
Өскеменнің өндірістік-экологиялық мониторингі қалада азот пен күкірттің диоксиді шамадан асып кеткенін айтуда
Мониторинг датчиктері орналасқан аудандардың барлығында аталған қоспаның өте жоғары екендігін анықтап отыр. Мәселен, Потанин көшесіндегі зиянды қалдықтардың концентраты нормадан асып кеткен.
Айналма шоссесі мен Абай даңғылы, Защита ауданында да зиянды қалдықтардың мөлшері шамадан тыс болып отыр.
Эколог мамандар қалада жел жоқ, содан зиянды қалдықтар ауада жиналып қалуда дейді.
- Автокөлік пен зауыттардың газы араласып, тұманға айналуда. Ал оны сейілтетін жел жоқ, - дейді мамандар.