Өскемен
Қалың бұлтты
-23°
  • Өскемен
    -23°
  • Семей
    -22°
  • Алматы
    -5°
  • Риддер
    -11°
  • Астана
    -22°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Ақтау
  • Атырау
    -5°
  • Қарағанды
    -22°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -5°
  • Түркістан
  • Орал
    -6°
  • Шымкент
    -2°
$
501.02
-2.15
597.27
-3.62
¥
72.08
-0.37
6.59
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-ның 400-ден астам талапкері жоғары білімді тегін ала алады

Грантты алу талаптарының бірі - талапкердің облыста кемінде үш жыл бойы еңбек ету. Бұл сонымен қатар жұмыссыздықтың алдын алмақ. Себебі маман ЖОО-ны бітіре сала

Өңір билігі кадрларды қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жоспарлап отыр. Талапкерлер С.Аманжолов атындағыШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тегін білім ала алады.

Студенттерді оқытуға арналған қаражат техникалық ғылымдар мен технологиялар, білім беру, гуманитарлық ғылымдар, өнер, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер және ауыл шаруашылығымамандықтары үшін беріледі. Жергілікті бюджеттен бөлінген білім беру грантына 5 миллиард теңге бөлініп отыр.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы ШҚО басшылығы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді кадрларды даярлау үшін қосымша 67 орынды мемлекеттік тапсырыспен оқытпақшы.

- Гранттарды берудегі негізгі мақсат - мектеп бітірушілерінің шетелдік университеттерге кетуін азайту, - деп түсіндіреді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. - Өткен жылы басқа елге 890 бала кетсе, ал 2016 жылы 1800 талапкер кетіп қалды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов шетелге кету санын қысқарту міндетін алдына қойды.

Грант алуға өтініштерді қабылдау 5 тамызда басталды және 10 тамызға дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысу туралы толық ақпаратты ШҚО әкімдігінің сайтынан, облыстық білім беру басқармасының сайтынан, сондай-ақ талапкерлер аталған үш жоғары оқу орындарының порталдарынан таба алады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Гранты для выпускников ВКО Образование в ВКО