ШҚО тұрғынын ата-анасының үйіндегі тіркеуден заңсыз шығарып жіберген
Оқиға Шемонаиха ауданының Жоғарғы Уба ауылында ауылдық округ әкімінің бастамасымен орын алды
Жоғарғы Уба тұрғыны құжат алуға ХҚКО-ға жүгінген. Алайда мамандар тұрғылықты жері бойынша тізілімінен алынып тасталғандықтан құжат берілмейтінін түсіндірген.
Жас жігіт ата-анасымен бірге тұратын үйге келіп мән-жайды білуге тырысады. Бірақ ата-анасы тізіменен шығармаған болып шығады. Кейіннен анасы ШҚО кәсіпкерлік кәсіподағының қызметіне жүгінеді.
- Жоғарғы Уба ауылдық округінің әкімі Валерий Фещенконың өтініші бойынша жігіт тіркеуден шығарылды, - дейді ШҚО кәсіпкерлер кәсіподағы қызметкерлерінің заңгері Виктория Скачко. - Хатта ол жас жігіттің ұзақ уақыт бойы үйде тұрмағанын жазған. Бірақ бұл тұрғылықты жердегі тізілімнен алып тастауға себеп емес. Тек үй иелерінің немесе жігіттің өтініші бойынша ғана тұрғылықты жердің тіркеуінен алып тастай алады.