Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +26°
$
513.74
-2.27
569.17
-13.30
¥
71.26
-0.04
6.33
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жұмыспен қамтудағы былықтар

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға мемлекеттің көмегі бар. Жыл басынан бері тұрғындарды әлеуметтік жұмысқа тартуға әр ауданға тиісті тапсырмалар беріліп, бюджет қаражатын қамтуға жоспар әзірленген

Алайда облыстағы бірқатар аудандар жоспарды аяқтамақ түгілі, жартысына да жетпеген. Атап айтсақ, олар - Тарбағатай, Аягөз, Жарма, Шемонаиха, Абай, Бородулиха, Үржар, Глубокое және Көкпекті аудандары.

- Әр ауданда аулаларды аралап, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың тізімдері әзірленді. Аталған санаттағы адамдар облыстың 50 мыңнан астам тұрғындарын қамтиды, - деді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Елена Старенкова.

Басқарма басшысы мен аудан әкімдерінің айтуынша, көптеген тұрғындар жұмысқа тұрудан бас тартуда.

- Неліктен республика бойынша тек біздің облыста ғана азаматтар жұмысқа тұрудан бас тартады?! Қыркүйекке дейін жұмысқа орналасу жоспары орындалатын болсын, - деп ШҚО әкімі Даниал Ахметов аталған аудандардың әкімдерін сынға алып, тапсырманы қайта орындауды бұйырды.

Ал ШҚО прокуратурасы өз кезегінде азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа алу кезінде алаяқтық фактілерді анықтаған.

- Абай ауданында жергілікті кәсіпкер мен Жұмыспен қамту орталығының лауазымды қызметкері бірлесіп, әлеуметтік жұмыс орынына бөлінген 500 мың теңгені жымқырған. Шындығына келгенде, ол жерде жұмыс орны болмаған да, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде прокуратура уәкілетті органға жалған құжаттар мен ақпаратты ұсынған 39 жалған жұмыс орнын анықтады. Мұндай құқықбұзушылықтан келтірілген залал, шамамен, 6 млн теңгені құрайды. Оның үштен бірі бюджетке қайтарылса, қалған сома бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жұмыспен қамтудағы тағы бір мәселе - бюждет есебінен оқыған және оқып жатқан түлектердің жұмыссыздық мәселесі.

- Жылдың басынан бері кәсіптік және техникалық оқыту бойынша білім алған 540 түлектің 148-і ғана тұрақты жұмысқа тұрған, - деді Елена Старенкова кеңейтілген аппарат отырысында.

Ал қалғандары ше? Қалғандары әлеуметтік жұмыс орнын күтеді немесе жұмыс іздеп сандалып, кәсіпорындардың табалдырығын тоздырады.

Мәселен, Семейде мемлекет есебінен 220 түлек қолдарына диплом алса, оның 13-і ғана жұмысқа орналасқан. Ал облыс орталығы Өскемендегі 122 түлектің 30-ы ғана тұрақты жұмысын тапқан.

- 27% деген - елдегі ең төмен көрсеткіш. Мен бұл мәселені қадағалаушы әкімнің орынбасары Әсем Нүсіповаға осы сұрақты жеке бақылауында ұстауды және әр апта сайын маған есеп беруді тапсырамын, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Әзірше облыс әкімдігінде "оқу бітірген студенттер неге жұмыс таба алмай жүр?" деп себебін анықтап, дал болып жатқанда, ШҚО прокуратурасы "студенттер қажет емес мамандықтар бойынша білім алуда" деген тұжырымға келген.

- Орта кәсіптік білім беруге қаражат бөлмес бұрын еңбек нарығы бақыланбады. Сондықтан бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау орын алып отыр, - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, нәтижесіз көрсеткіштерге қарамастан, қыркүйекте тағы да 1730 студент кәсіптік және техникалық білім алмақ.

Следующая →