Бұрынғы Жедел жәрдем ауруханасы жанындағы перзентхана жөндеуге жабылды
Перзентханаға босануға келген әйелдер жұмаға дейін үйлеріне қайтарылады
Ворошилов көшесі, 149-үйде орналасқан перзентхана дүйсенбіден бастап жөнделе бастамақ.
- Перзентхана бөлімі ұзақ уақыт бойы жөнделген жоқ. Ғимараттың іші-сырты боялып, әрленетін болады. Қажетті құрылыс материалдары сатып алынған. Алайда ең алдымен біз санитарлық тазалық жұмыстарын жасап алуды ойлап отырмыз, - дейді "Бала мен ана" орталығының директоры Ермек Сембаев.
Директордың сөзіне қарағанда, бұл перзетханаға қазір аналар қабылданып жатқан жоқ. Ал Өтепова көшесіндегі перзентханада орын жетеді.