ШҚО тұрғыны бес жыл құлдықта болған
Өскемен қаласының 40 жастағы тұрғыны жұмыс істеуге дәрмені қалмаған кезде ғана бостандыққа шықты
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 40 жастағы тұрғын бес жыл бойы құлдықта болған. Өскемен қаласының тұрғынын удай мас қылған кәсіпкер оны айдалаға алып кетіп, бес жыл бойы шаруа қожалығында малай қылған. Ауыр жұмыстарды істетсе, кәсіпкер оған бір тиын да ақы төлемеген, тек ас-суын ғана берген.
Қыста да жаздық киіммен жүруге тура келген, содан бір күні үсіп, қолына күрек ұстай алмайтын ауыр халге түскен. Сонда шаруа иесі оны үйден қуып жіберген.
Сол сынды Семей қаласының да 30 жастағы тұрғыны екі жыл бойы құлдықта болған. 2016 жылы сәуірде жоғалып кеткен оны біреулер алыс жерге апарып, құлша жұмсаған.