Қырғызстандағы тасқұламасынан зардап шеккендер арасында ШҚО азаматы бар
Қырғызстандағы тас құлауынан Қазақстанның төрт, Ресейдің үш азаматы зардап шекті
Зардап шеккен қазақстандықтар арасында Өскемен қаласының 1966 жылғы тұрғыны да бар. Алдын ала болжжам бойынша, оның жағдайы қанағаттанарлықтай.
ҚР ІІМ ТЖК төрағасының айтуынша, қазір Қазақстан мен Қырғызстан арасында қазақстандық құтқарушылар тікұшағын өткізу бойынша рұқсат қағаты рәсімделуде. Анық ақпарат Астанада өтетін брифинг барысында белгілі болады.
Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде күні Қырғызстанның солтүстігіндегі Скрябин қыстағында туристер тобы тас астында қалған болатын. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.