Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Газ баллоны жарылған

Катонқарағай ауданындағы үйде газ баллоны жарылып, өрт шығып, тұрғындарға қауіп төнді

Оқыс жағдай дүйсенбі күні кешкі 21.00 шамасында Көктерек ауылында орын алған. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 1946 жылғы үй иесі газ баллонын ауыстырып жатқан уақытта жарылыс болған. Азаматшаның қолы мен бетін 2-деңгейлі термиялық күйік шалып, терісінің 25%-ы күйіп қалды. Онымен қоймай, үйдің ішіндегі ағаш құрылымдары да тұтанып, өрт шыққан. Үй тұрғыны дереу аудандық ауруханаға жеткізілді.

- Өртті өздері сөндірмек болған көршілерінің әрекеті бекер болғандықтан өрт сөндіру қызметін шақырған, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Ал мамандар жеткен уақытта өрт жазғы асхананы түгел шарпыған. Өрт шыққан үйден газ баллоны далаға шығарылып, өрт 2 сағаттың ішінде сөндірілді.

Өрт алаңы 45 шаршы метр. Өрттің шығуына байланысты газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникаларын сақтамау және салғырттық себептері қарастырылуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы мен жеке құрамның алты маманы жұмылдырылды.

Следующая →