Өскемен
малооблачно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +25°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +35°
$
477.14
+1.52
521.28
+2.05
¥
66.53
+0.31
5.49
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жасөспірім із-түссіз кетеді

Бір апта бұрын 17 жастағы Семей қаласының тұрғыны үйінен шығып кетіп, әлі оралмаған

23 шілде күні Шығыс ауылындағы саяжайдан шығып кеткен Сымбат Мұқатаева осы күнге дейін үйіне қайтпаған


Оның қайда кеткенін жақындары да, достары да білмейді. Бойжеткенді іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылды.


Қыздың бойы 160 сантиметр, дене бітімі орташа, шаштары қара, ұзындығы орташа, көзі қоңыр.


Жоғалған күні Сымбат көк түсті гүлді көйлек, аяғына ашық қызғылт түсті мокас киген. Ерекше белгілері: бетінің оң жағында ернінің астында меңі бар.


Әлеуметтік желідегі ақпараттарға сүйесек, болжам бойынша қасында құрбысы Ботагөз Балғабаева болған. Бірақ Семей қаласының RINA KZ еріктілері хабарлағандай, құрбысының туыстары көмек сұрамаған және ол туралы ештеңе белгісіз.


Еріктілер мен жоғалған қыздың жақындары Сымбат немесе Ботагөздің қайда екенін білетіндер болса, 8-747-430-10-74, 8-707-260-98-12, 8-747-790-76-11, 8-747-349-57-17, 8-747-430-10-74 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

Следующая →