Өскеменде жоғалып кеткен мектеп оқушысының денесі табылды
11-сыныпта оқыған Раушан Жармұхаметова 19 мамырда ҰБТ-ға дайындаламын деп үйден кетіп, содан бері оны ешкім көрмеген
Бойжеткен Красина ауылындағы үйінен шығып, 5 мектепке бет алады. Аладйа мектепке бармаған.
Раушан ҰБТ-ны тапсыруға дайындалып, көп уақытын оқуға арнаған. Достары мен таныстары бойжеткеннің қайда бара алатындығы туралы ештеңе білмеді. Оның іздеуіне Rina.kz. ұйымының еріктілері қосылды. Олар бүгін қыздың өлі табылғанын хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Раушан Жармұхаметова Ертіс көпірінен секірген көрінеді. Оның денесі өзеннен табылды.