Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Сотқа түнгі уақытта да жүгінуге болады

Сотқа түнде де барып жүгінуге болады. Өскемен қаласының әкімшілік соты жұмыстан босай алмаған тұрғындардың ісін сағат 18.30 бен 22.00 аралығында қарап, шешім шығарады

"Түнгі сотқа" әзірше жол-көлік оқиғасына тап болған азаматтар ғана жүгіне алады.

Өскеменде азаматтарға ыңғайлы болу үшін судьялар жұмыстан кейін де қызмет ететін болды. Күнделікті өмірде түрлі жағдайларға тап болған жандар жұмыс уақытын сарп етпей-ақ, жұмыстан кейін де сотқа келе алады.

- Бұрын азаматтар сотқа таңертең не түстен кейін шақырылатын еді. Енді кешке де шақырылатын болды. Әсіресе, бұл жұмысы бар азаматтарға ыңғайлы. Жұмысынан сұранып, басшылыққа да жеккөрінішті болмай, босаған уақытында келіп мәселесін шеше алады, - дейді облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев.

Жол ережесін бұзған, көліктері соғылып қалған тұрғындар аталған сотқа келіп шағымдана алады. Басты шарт жол-көлік оқиғасына тап болған екі азамат та түнгі сотқа шағымдануға келісуі тиіс. Азаматтар жол-көлік оқиғасы болған сәтте полицейлерді шақырып, әкімшілік істі рәсімдеуі тиіс. Сауалнама толтырып, талон алған соң, оны сотқа жолдай алады.

- Қазір жол-көлік оқиғасынан материалдық шығын көрген азаматтың ісі де жылдам шешілетін болды. Бұған дейін зардап шеккен азамат сақтандыру компаниясынан шығынын өтей алмай 2 айдай, кейде 3-4 айдай уақыт сандалып жүріп қалатын еді, қазір бұл шаруаны 13 күннің ішінде шешуге болады. Сот 13 күннің ішінде қаулы шығарып, азаматқа табыстайды. Ал азамат сақтандыру компаниясына қаулыны апарып, материалдық шығынды өтеп алады, - дейді Дамир Әбдіғалиев.

"Түнгі сот" үш аптаның ішінде 100 шақты істі қарап үлгерген екен.

Следующая →