Онкологиялық науқастардың емделуге мүмкіндіктері артты
№4 қалалық ауруханасы қатерлі дертпен күрес жүргізуге лицензия алды
Медициналық мекемеде төрт ота сәтті аяқталды. Оған хирург-онколог, кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімшесінің бұрынғы меңгерушісі Бақытбек Баталов жетекшілік етті.
Аурухананың бас дәрігері Сергей Поповтың сөзіне сүйенсек, онкологиялық оталарды жасауға арналған рұқсатты мекеме маусым айының басында алған. Сол уақыттан бері төрт ота жасалып, барлығы да сәтті аяқталған. Оның ең ірісі – асқазанды алып тастау және қалқанша безге жасалған оталар.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Онкологические заболевания в ВКО Медицина в ВКО 



