ШҚО азаматы Араб Әмірлігіне құс етін тасымалдайды
Біріккен Араб Әмірлігі инвесторлары шығысқазақстандық азаматпен келісімге келіп, бірігіп күркетауық етін өңдеуге ұсыныс тастаған
ШҚО өңірлік Ақпарат орталығының мәліметіне қарағанда, Қазақстанда өңделген құс етінің жартысы Араб Әмірлігіне тасымалданбақ, ал қалған елде қалады.
- Араб Әмірлігі сапасы жоғары етті сатып алғысы келеді. Ал Қазақстан бұл салада сенімді серіктес бола алады, - дейді LLC Bitonfly компаниясының бас менеджері Максим Лавров.
Ал Бородулиха ауданында ашылған отырған бұл кәсіпорынға 50 млн теңге қаржы құйылады.