Күзде Өскеменге 18 елден кәсіпкерлер келеді
Биылғы Altai Invest-2018 форумға Қытайдан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Иран және тағы басқа елдерден өкілдер шақырылды
Өскеменде 26 қыркүйек күні халықаралық инвестициялық форум өтеді. Форумға 300 делегат қатысады деп жоспарлануда.
Форумға шетелден инвесторлар, қаржы институттары, мемлекеттік орган өкілдері мен елшілері қатыстырылады.
Шара кәсіпкерлердің бір-бірімен араласып, кәсіби ортаның дамуына үлес қосу үшін ұйымдастырылғалы отыр.
Тақырыптар:
Altai Invest-2018