ШҚО-да демалыс базасына барған жас жігіт суға батып кетті
Оқиға Бұқтырма су қоймасы маңында жасақталған жағажайлардың бірінде болған
Суға батып кеткен жас жігіті жағалаудан ұзап жүзіп кеткен екен. Кері қайта алмай қалған. Жас жігіттің денесі жағадан 25 метр алыс жерден табылған. Бұл жердің тереңдігі – төрт метр.
- Құтқарушылардың айтуынша, жігіттің сіңірі тартылып суға батып кеткен. Жігіттің дене суда жүзіп жүріп тоңып қалған, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Оның сөзіне қарағанда, жігіттің өліміне себеп болған жағдай басқа да болуы мүмкін. Мәселен, жүрек талмасы ұстап қайтыс болуы да мүмкін не тұншығып өлген.
Маңайда құтқару күзеті де болмаған. Ал жабдықталған жағажайда күзетшінің болғаны дұрыс.