Шығыс Қазақстанда кенепшөптер отала бастады
Есірткіге қарсы акция ұйымдастыру барысында Бородулиха ауданындағы 150 түп елірткіш шөптің көзін құртты
Переменка ауылындағы саябақтардың бірінде кенепшөп өсіп кеткен екен. "Есірткіге ЖОҚ де" акциясы аясында өскен кенепшөптердің барлығы оталды.
- 150 түп шөпті отап, өртеп жібердік, - делінген Бородулиха ауданы әкімінің ресми сайтында.
Переменов ауылдық округі аумағында есірткінің көзін жою жұмыстары ары қарай жалғасады.