19 жастағы павлодарлық ШҚО-да үрлемелі матрасты ұрлап кеткен
Жас жігіт кешке демалыс базаларының біріне кіріп, ұрлық жасаған
Жақында ШҚО-да тапа тал түсте ерекше саудагер ұсталды. Жас жігіт Зырян полицияларының назарын аударып, орталық базарда үлкен «сатылым» ұйымдастырған.
Жігіт жергілікті тұрғындарға «Haier» маркалы теледидар мен кішігірім тұрмыстық техниканы, үрлемелі матрасты арзан бағамен алуды ұсынды.
- Тергеу барысында 19 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны тонаған үйден 100 мың теңгенің затын қолды қылған, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Енді жас жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша алдын ала тергеу басталды.