Өскемен маңында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соғысып қалды
Өткен жұма күні Өскемен мен Рахман бұлағы тас жолында жол-көлік оқиғасы болды
Renault Kaptur көлігін айдаған ер адам қарсы жолаққа шығып кетіп, автобусқа барып соғылған.
Автобусқа көп зақым келе қойған жоқ, сол жақ шамы сынып, бампері жартылай майысқан. Renault көлігі қатты майысқан, ал иесі жарақат алған.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір әкімшілік іс қозғалуда.