Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Тасқыннан зардап Шемонаиха тұрғындарына баспана берілді

Шемонаиханың 20 жанұясына баспана берілді

Қиын кезеңді артқа салған шемонаихалықтар енді қоныс тойын тойлап жатыр. Ақ түйенің қарны жарылған мереке аудан орталығында өтті. Салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов 12 отбасына баспана кілтін табыс етті.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы көктем өңір халқын біраз әуре-сарсаңға салғаны белгілі. Аягөзде басталған табиғи апат ізін сала Семей, Глубокое, Шемонаиха, Зырян және Катон-Қарағай аудандарында жалғасты. Шемонаиха ауданында небәрі 23 сағаттың ішінде Уба өзенінің суы арнасынан 1,5 метрге дейін асып кетті. Сол 25 наурызда болған жағдайды есіне алған Людмила Дегтярева «бәрінен де үйіңнің іргесі сөгілгенін көру қиын екен» деп бүгін жымия еске алады.

- Менің үйім суға батып кетті. Іргетасы үш жерден жарылып кетті. Сол кездегі жағдайымды көрсеңіздер ғой. Қаладан жиенім келген болатын. Қорыққанымыз соншалықты, біраз уақытқа дейін ес жинай алмадық. Бұрын тек теледидардан көретін жағдайдың басыма келетінін ойламаған да едім, – дейді.

12 отбасына табыс етілген пәтер кілтімен бірге бұл күні тасқыннан зардап шеккен көп балалы отбасыларына да жомарт жандар тарапынан көмек көсретілді. Атап айтқанда, "Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы сонау Астанадан арнайы келіп, қорап-қорап тұрмыстық техникаларды тарту етті.

«Біздің ұжым «Нұр Отан» партиясынан түскен үндеуге бір кісідей атсалысты. Таныстқан жоғары белсенділігінің арқасында барлығы 2 млн теңге қаражат жинадық. Бүгін 18 тоңазытқыш, 7 кір жуатын машина, 8 теледидар алып келдік», - дейді бірлестік төрағасы Қорғанбек Нұрпейісов.

Кәсіподақ тарапынан танытылған қамқорлыққа «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы да ілтипат көрсетіп, алғыс хатын жолдады. Айта кету керек, партияның облыстық филиалы табиғи апат кезінде осы Шемонаиха ауданындағы жағдайды жеке бақылауға алған-ды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр.

- Ауданда жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тамыздың аяғына дейін 126 үйдегі жөндеу толық аяқталады. Арнайы механизм жасалған. Құрылған қорда қаражат бар. Жұмыстың барысы толық бақылауда болады. Аудандық әкімдіктің алдына қойылған міндет бар. Ол филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей бақылауында. Сондықтан тасқыннан зардап шеккен халықтың қалыпты тұрмысын қайтару күн тәртібіндегі басты мәселе, - деді «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Айта кету керек, биылғы көктемде су тасқынынан Шемонаиха ауданының бірнеше елді-мекені зардап шекті. 152 үйге су кіріп, оның 13 тұруға жарамсыз деп танылды. Арнайы комиссиямен 134 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Үкімет шешіміне сай, республикалық бюджеттен 168 млн тенге теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыстық «Парыз» қорынан 50 млн теңге қарастырылған болатын. 

Следующая →