ШҚО-да жұмыс орнында кенші қаза болды
Оқыс жағдай кеше түнде Риддер тау-кен байыту кешеніндегі Долынный кенішінде орын алды
30 жастағы жігіт жұмыс орнында жүріп ауыр жарақат алған. "Казцинк" компаниясы кеше Риддердегі тау-кен байыту кешенінде үңгуші жігіттің қайтыс болғанын растады.
Сонымен қатар, компания жіті тексеріс жүргізіліп, кәсіпорын басшысы оқиға орнына жеткенін мәлімдеді. Қазаға не себеп болғаны, мән-жайы анықталуда.
- "Казцинк" ЖШС барлық құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істейді, - деп хабарлайды компания баспасөз қызметі. - Компания қаза болған жұмыскердің отбасына қайғыра көңіл айтады. "Казцинк" ЖШС үңгушінің отбасына қажетті көмекті көрсетпек.