Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

13 жастағы өгей қызын зорлаған

Қыздың шешесі арызды қайтарып алмақ болғанда, сот баланың құқықтарын қорғап қалды

ШҚО Мамандандырылған аймақаралық соты 29 жастағы ер даманың жасөспірімді зорлауына байланысты істі қарады


Сот мәлімдегендей, өз өгей қызын зорлаған ер адам сегіз жыл бойы қыздың анасымен бірге тұрып, бала тәрбиесіне белсенді атсалысқан. Әйелдің алғашқы қызынан өзге, жұптың екі баласы бар көрінеді. Ер адам ресми түрде ешқайда жұмыс істемейді, жүк көлігін жүргізіп пайда тапса, әйелі ауылдық дүкенде сатушы.


Ал қыз балаға психологиялық соққы болған жағдай өгей әкенің туған күні орын алған. Жұп туған күнді көршілерінің үйінде алкогольдік ішімдікпен атап өтіп отырған. Сол уақытта шешесі үйде қараусыз балаларына алаңдап, қоңырау шалған. Алайда ешкім жауап бермегеннен кейін отағасы үйде қалған балалардың өзі көріп келуге кеткен. Бірақ көршінің үйіне өгей әкесімен бірге өгей қызы жайлап еріп келіп, "әкесінің" зорлағанын айтқан. Естігенінен шошып кеткен шешесі бірден полиция қызметін шақыртқан.


Сотта айтылған оқиғаның егжей-тегжейі жаға ұстатарлық. Қызды өзімен ертіп шыққан азамат баланың бетінен ұрып, еңбектеп тұруға мәжбүрлеген...


Қылмыстық іске қатысты тергеулер өтіп жатқанда бір айдан соң әйел өз арызын қайтып алуға тырысқан. Сонымен қатар, ол сотта түсінік беруден бас тартты. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Дегенмен, әділ шешім орнап, безбүйрек азамат қауіпсіздігі жоғары мекемеде 15 жыл бойы жазасын өтейтін болады.


Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.


Следующая →