Ер адам өз көлігінде өртеніп кете жаздады
Бір тәулік ішінде облыста екі автокөлік өртену оқиғасы тіркеліп, бір адам зардап шекті
Кеше қалалық қалдықтар қоймасында Шмелев лог ауылы мен орман шаруашылығы арасындағы жолда жүріп бара жатқан Nissan Maxima көлігі жана бастаған. Жалын тез арада бүкіл садонға жайылған.
39 жастағы көлік жүргізушісінің қолы мен бетін күйік шалып, ол қалалық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілді.
Қазіргі таңда сарапшылар өрттің неден шыққанын анықтауда. Көлікке біреулер әдей о қоюы да мүмкін немесе қауіптілігі жоғары агрегатты дұрыс пайдаланбау салдарынан өздігінен тұтанып кетуі де ғажап емес.
Одан өзге, Семей-Өскемен бағытындағы тас жолдың 17-ші шақырымында тағы бір көлікпен осындай жағдай қайталанған. Hyundai Porter маркалы көлігінің мотор бөлігі, ішкі қаптамасы мен алдыңғы дөңгелегі жанған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.