Өскемендегі Астана көшесі қашан жөнделіп бітеді?
Жақында көшенің бір бөлігі ашылған болатын, алайда жөндеу жұмыстары әлі де жасалып жатыр
Көше кеңейтіліп, жан-жағына балалар алаңы, спорт алаңдары салынады. Үлбі өзеніне түсу үшін баспалдақ жасалады.
Жағалауды жөндеу жұмыстары мен жол салу жұмыстары жаздың аяғына дейін бітеді. Қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары жолдың сапалы салынатындығына уәде беріп отыр. Дегенмен, кейбір тұрғындардың айтуынша, жолға төселіп жатқан асфальттың қалыңдығы тым жұқа.
- Қазір тек асфальбетон қабатын ғана салынды. Енді оның үстіне асфальттың өзі төселеді. Өскеменде жол салу жұмыстарына мұндай технология қолданылған емес, жаңа тәсіл, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руфат Акрамов.
Астана көшесін бұрын үш жолақты етіп салынады делінген еді, енді төрт жолақты етіп салынатын болды. Тек Тәуелсіздік даңғылы мен Астана көшелерінің қиылысында ғана жолдың жолағы үшеу болмақ.