Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі бейіттерді ешкім күзетпейді

Өскемен қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалы бейіт орындарына рейд жүргізіп, бірнеше мәселелерді тапты

Бүгін Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің өкілі мен тәртіп сақшылары, "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова бастаған рейд тобы Аблакетка ауданындағы бейіттерді тексеріп шықты.

- Бейіт орнын күтіп ұстайтын мердігерлер зират маңын қар мен қоқыстан тазалап, қоршауларын жөндеп, бейітке кіретін жолды ашу жұмыстарын жасауы тиіс, - дейді Майраш Шайзадақызы.

Ал қалалық партия ғимаратына жиналған мердігерлер бейіт бойында тазалау, жөндеу жұмыстары уақтылы жүргізілетіндігін айтып сендірді. Алайда бейіт бойына барған комиссия мүшелері тазалық жұмыстарының нәтижесін көре алмады. Шөп қалың болып өсіп кеткен, қоршау қирап жатыр.

Мәселен, Геология көшесі бойында орналасқан шағын зираттың ішін де, сыртын да шөп басып кеткен. Қоршауы аман-есен болғанымен, зиратқа енетін қақпа сынып жатыр. Мердігер бұл қақпаны алдағы уақытта жөндеуді жоспарлап отыр екен.

Ал Станислав көшесі бойындағы православ бейіттері қоқыстан тазартылғанымен, былтыр жанып кеткен күзет орны әлі жөнделіп жатыр. Ал күзетші болса жоқ, Күзет орнын жөндеп жатқан мердігер оны қашан жөндеп бітетінін дәл айта алмады. Депутаттар болса, нысан қашан жөнделіп бітпейінше, істі жаппайтынын мәлімдеді.


Следующая →