ШҚО-да инсульт орталығының ғимараты әлі дайын емес
Ал құрал-жабдықтар сатып алынып қойылған
Облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданында жөнделіп жатқан инсульт орталығының құрылыс жұмыстарын сынға алды. Медициналық жабдықтар дайын тұр, алайда инсульт орталығының ғимараты әлі жөнделіп жатыр.
Ал аймақ басшысы Зырян ауданында инсульт орталығының ашылатындығы жайлы былтыр күзде айтқан болатын. Содан бері жергілікті билік инсульт орталығы ашылатын орынды дайындап, аудандық аурухананың бір бөлмесін реттей бастаған. Алайда құрылыс жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
- Сатып алынған құрал-жабдықтар қандай тамаша! Құрылысшылар баяу жұмыс жасауда. Құрылысы дереу бітуі керек ғимарат әлі тұр, - дейді Даниал Ахметов.