Октябрь аралында автотұрақ салынуда
Жөндеу жұмыстары қала тұрғындарына үлкен қолайсыздық тудыруда. Себебі барлық жер қазылған, тіпті, қалалық жағажайға жаяу жүрудің өзі қиын
Коммуналдық қызметкерлер жақын арада облыс орталығындағы демалыс аймағы айтарлықтай өзгеретіндігіне уәде берді.
- Бұл орында шұңқырлар мен рұқсатсыз қызмет еткен шиномонтаж болды. Көп ұзамай олар жойылады, - деп хабарлады «Өскемен-Тортип» коммуналдық кәсіпорнында. - Тұрақтауды жоспарлау аяқталды, ағаштар кесіліп, белгілер қойылды. Аптаның соңында автотұрақ дайын болады, бірақ көліктерге демалыс аймағына кіруге рұқсат берілмейді.