ШҚО-да кеніште жұмысшы көз жұмды
"Шығыстүсмет" ЖШС-ның Артемьев кенішінде 16 шілде күні жұмысшы қайтыс болды
KAZ Minerals тобы кеніште болған қайғылы оқиға жайлы өздері ақпарат берді. Кеніште мердігер компанияның электрмен дәнекерлеуші болып жұмыс жасайтын жұмысшысы қайтыс болған.
Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, қайғылы оқиғаға не себеп болғаны анықталуда.
- KAZ Minerals тобының атынан марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына көңіл айтамыз әрі қайғыларына ортақ екендігімізді жеткіземіз, - делінген компанияның ресми баспасөз-релизінде.