Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
533.75
¥
67.85
5.36
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Прокуратурасы көктемде неге көп үйдің су астында қалғанын анықтады

Құзыретті орган 2018 жылы көктемде болған су тасқынының себептерін анықтап, келесі жылы тасқыннан құтылудың жолдарын ұсынды

Осы жылы облыстың Глубокое, Шемонаиха және Зырян аудандарында, сондай-ақ, Семей және Өскемен қалаларында 1400 тұрғын үйді су басып, 3 мыңнан астам адам көшірілгені белгілі.

Ал прокурорлар болса, төтенше жағдайдың орын алуына, ең алдымен, жауапты тұлғалардың өз лауазымдық міндеттерін лайықты орындамауы және немқұрайлық танытуы басты себеп болды дегенді айтады.

- Мысалы, Семей қаласында Ертіс бассейн инспекциясы Шүлбі ГСЭ негізсіз 1800 м3/с су ағызып, кептеліс тудырып, нәтижесінде, 290 тұрғын үйді және 437 саяжайдың су басып, «Қазақстан су жолдары» РМК-нің мүлкі зақымданды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - дейді Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жердің үстіңгі қабатындағы еріген суды қорғаныс құру арқылы ағызу, өзен арнасын, су ағызатын құбырларды, арықтарды, су сіңіретін жүйелерді дамба, үймелер, су ағызу арналарын) тазалау жұмыстары жүргізілмей, арнайы техникалар алдын ала дайындалмаған.

Сондай-ақ, су тасқынын алдын алу шаралары және азаматтық қорғаныс органдарының материалдық-техникалық жабдықталуы да нашарлағаны байқалды.

- Мысалы, су тасқыны кезінде 85 мотопомпа барлық аймақтарға жетпеген, орташа алғанда 4 қала және 15 ауданға судың орасан көлемін ағызатын 2-3 жабдық қана бөлінген, - дейді прокурорлар.


Следующая →