Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Кесілген ағаштар аз қамтылған отбасыларға беріледі

Өскемен қаласында соңғы жылдары осыдан жарты ғасыр бұрын егілген ағаштар бірінен соң бірі кесіліп, көше бойы жұтаңдана бастады

Тұрғындардың бір бөлігі ағаштардың оталуына қарсы болса, енді бірі мұндай қартайған ағаштардың құлауы мүмкін екендігін айтып, оны кестіруге келісім беріп жатты.

Қалада қызу жасалып жатқан жол құрылыс жұмыстары да ағаштардың шектен тыс оталуына себеп болды. "Жасыл қала" атанған Өскемен көркінен айырыла бастағандай еді. Ағаш кесу жұмыстарымен қазір қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі де, пәтер иелерінің кооперативі де айналысып жатыр.

Қала билігі қай ағаштарды кесіп тастау керектігін өздері шешсе, тұрғын үйлердегі пәтер иелерінің кооперативі тұрғындардың өтініші бойынша жұмыс жасайды. Коммуналды шаруашылық мекемесі көшедегі талдарды кесумен айналысса, пәтер иелері кооперативі ауладағы ағаштарды кеседі. Мемлекеттік мекеме қанша ағаш кесіп, қанша ағаш еккенін есептеп отырса, жекеменшік пәтер иелері кооперативінде мұндай жүйелілік жоқ. Сондықтан олардың қанша ағаш кескенін дәл айту қиын.

Ал Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылы Белинский, Ғарышкерлер, Пушкин, Бажов, Қ. Қайсенов, Грузинская, Қабанбай батыр, Лениногорская, Ульяновская, Шлюзная, Челюскина көшелері мен Тәуелсіздік даңғылы бойындағы ағаштар кесілген.

- Былтыр 90 ағаш кесіліп, 556 ағаштың бұтақ-тарамдары түзулеп, сәндеп қиылды. Тағы 165 ағаштың бұтағы кесіліп, санитарлық өңдеуден өтті. Бұл жұмыстарға 10 млн теңге қаржы жұмсалды, - дейді бөлім басшысының орынбасары Нұржан Жапаров.

Ал биыл сәуір айында 81 ағаштың бұтақтары кесіліп, сәнделсе, тағы 53 ағаш санитарлық өңдеуден өткен. Осы жылы Новаторов, Буров, Алматы, Чернова, Новорабочая көшесіндегі ағаштар кесілмек.

- Ағаштар ауыру, шіріген болса, жүргізушілердің көлікті көруіне кедергі келтіретін, апатқа себеп болатындай жағдайда тұрса не зиянкестер қаптап, қурап қалса, онда оны кесуге тура келеді, - дейді Нұржан Ермаханұлы.

Ал "кесілген ағаштар қайда жіберіледі?" деген сауалымызға мекеме "әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға беріледі" деп жауап берді.

- "Өскемен-Тәртіп" кәсіпорнына жеткізілген ағаштар кейін қала әкімдігінің өтінімі бойынша аз қамтылған отбасыларға таратылады, - дейді мамандар.

Ағаш жаппай кесіліп жатқандықтан, қала экологиясын нашарлатып алмау үшін көшеттерді де көптеп отырғызу керек. "Бір тал кессең, он тал ек" дейді халқымыз. Егер аталған мекеменің жоспарына сенсек, онда биыл қалаға 9500-ге жуық көшет отырғызылады екен. Оның ішінде 9100 көшет жол жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерге егілмек.

Следующая →