Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
463.77
-3.52
495.49
-5.54
¥
63.82
-0.52
5.31
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аймақта қос комбинат бой көтермек

Бұл қадам мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауда өте маңызды екендігі түсінікті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 105%-дық өсіммен 270 мың тонна ет өндіріліп, республика бойынша екінші орыннан көрінді.

Енді аймақта екі ірі жоба іске аспақ. Олар - Семей қаласы мен Аягөз ауданында салынатын ірі ет комбинаттары. Жобаларды шетелдік инвесторлар қаржыландырмақ.

- Бұл жай ғана ет комбинаты емес, тұтас бір кешен болады. Ет өңдеу цехтарынан бөлек мал бордақылау алаңы, жемшөп дайындайтын цех салынады. Өйткені, әйгілі брендтің өнімін шығару үшін мал семіртуде аустриялық технология пайдаланылмақ, - дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жакупбаев.

Семей қаласындағы ет комбинатының жобасына Иранның "Агропортал" компаниясы инвестор ретінде тартылған. Индустриялық аймаққа салынатын комбинаттың барлық инфрақұрылымын мемлекет тарапынан тарту көзделген. Мұндағы ет өнімдері "халал" стандарт бойынша өңделуі тиіс. Жоба құны 7 млрд теңге.

- Иран инвесторлары жобаның эскизін берген. Енді 2 ай ішінде қаралып, мемелекеттік сараптамадан өтеді. Демек, 2 айдан кейін құрылыс жұмыстары басталады. Инвесторлар 5 ай ішінде толығымен құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз деп сендіріп отыр, - деп мәлімдеді Асқар Жакупбаев.

Сондай-ақ, бұл ірі кешенде 16 кәсіпорын жұмыстарын дөңгелетіп, 200-дей жұмыс күші тартылады.

Ал Аягөздегі ет комбинатын салуға Аустралияның әйгілі "Cedar Meats" компаниясы инвестор болуға ниет танытқан. Аталмыш компания қазақстандық кәсіпкерлермен "Еуразия агрохолдиг" атты бірлескен кәсіпорын құрмақшы. Аустралия тарапы ет комбинатын салып, мал семірту технологиясын енгізуге міндеттелмек. Ал кәсіпорынға берілетін жер телімі отандық компания иелігінде болады.

Басқарма басшысының сөзінше, 2019 жылы аталған 2 кәсіпорын да толық қуатпен жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда халықаралық стандарттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сұрыптаудың бүкіл жиынтығын жүзеге асыратын зертхана ашылады. Айта кету керек, бұл зертхана елдегі бірегей орталық болмақ.

- Зертхана Қытай стандарттары негізінде жүргізіледі. ҚХР-мен келіссөздер жүргіздік. Олар үшін бұл бірінші жұмыс емес, яғни, компания әлемдегі дәл сондай 77 зертхананы салуға қатысқан, - деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жакупбаев.

Айта кетейік, көшбасшы елдерде ауылшаруашылық өнімдерін, яғни, жануарлар мен өсімдіктерді, азық-түлікті сұрыптайтын осындай зертханалық орталық дамыған. Ал біздің елде әзірше әрқайсысы жеке-жеке қаралып, оларды сәйкесінше жеке мамандар зерттеуде.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Ет Комбинат