Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өлімнің негізгі себептері анықталды

2017 жыл ішінде ШҚО-да 14 мың адам қайтыс болған. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстарғанда 2,4%-ға аз

Шығыс Қазақстанда қайтыс болған ерлердің үлесі 53%-ды, әйелдер - 47%-ды құрады. Халықтың 1000 адамына шаққанда өлім коэффициенті 10,12 шамасында қалыптасқан. Ал 2016 жылы бұл коэффициент 10,32 шамасында болатын.

- Облысішілік аумақтық өлім дифференциациясы сақталуда. Оның максималдық деңгейі өнеркәсіптік өңірлерде байқалған. Атап айтсақ, Зырян ауданында (әрбір 1000 тұрғыннан 17 адам), Шемонаиха ауданында және Риддер қаласында (15 адамнан), Глубокое ауданында (13 адам); минималды – аграрлық өңірлерде: Абай, Аягөз және Зайсан аудандарында (7 адамнан). Өлім деңгейінің кему көрсеткіші бойынша 2016 жылы Өскемен қаласы тоғызыншы орында, Семей қаласы он бесінші орында тұрды, - деп мәлімдеді ШҚО Статистика департаменті.

Шығысқазақстандықтардың қайтыс болуына негізгі себеп - қан айналымы жүйесінің аурулары екені анықталды. Өлім көрсеткіштерінің 21%-ы жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты. Тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жер бетіндегі өлімнің негізгі себептері де дәл осы ауру түріне байланысты екен. Сондықтан, оның алдын алуға әлемнің дәрігерлері жұмылуы қажет.

Ал өлімнің 15%-ы тыныс алу органдары ауруларынан, 13%-ы жаңа өскіннен, 11%-ы жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттанудан болса, 8%-ы ас қорыту органдары ауруларынан болған.

Айта кетейік, өткен жылы облыста 1 жасқа дейінгі 162 нәресте шетінеді. Ерте өлімнің негізгі себептері перинаталды кезеңде пайда болатын жағдайлар және туа біткен ауытқулар болып табылады.

Следующая →