Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шипалы жағалауда тегін демалуға болады

Мұнда жетім, әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар және республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары тегін демалады

"Үржарайым" сауықтыру демалыс лагері өз жұмысын 10 маусым күні бастаған. Мұнда жетім, әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар және республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары тегін демалады.

Аталмыш лагерь Алакөл демалыс кешенінде орналасқан. "Үржарайым" жазғы демалыс лагері балаларға қолайлы жағдай тудыру үшін жас ерекшеліктеріне байланысты белгіленген санитарлық гигиеналық норманы ескеріп отырады. Мұнда лагерь меңгерушісі, бес тәрбиеші, шаруашылық меңгеруші, дене шынықтыру және суда жүзу жетекшілері мен медбике жұмыс істейді.

- Жаз бойы 1440 бала демалады. 8 ауысым бар. Жарма, Күршім аудандарының білім бөлімінен өтініштер түсіп жатыр. Өтініштер көптеп түсіп жатқандықтан 9-шы ауысым болады деп жоспарлануда. 5 уақыт тамақ, жатар орынмен қамтамасыз етіледі. Таңертең балалар су жағасында жаттықтырушымен бірге гимнастикамен шұғылданады. Оқушылар емдік қасиеті бар Алакөл көліне суға түседі, табиғат сұлулығын тамашалайды. Балалар бір-бірмен танысады, әр түрлі қызықты іс-шараларға қатысады, - дейді "Үржарайым" сауықтыру демалыс лагерінің аға тәлімгері Шалқар Шакеров.

Ал егер балаңызды ақылы демалтқыңыз келсе, жазғы лагерь небары 15500 теңгені құрайды. 1 апта көлемінде бала шипалы, емдік көлдің пайдалы элементтерін бойына сіңіреді. Тіпті, ертеде жаугершілік заманда Қаракерей Қабанбай мен оның сарбаздары жараланғанда, Алакөлден шықпай ем қабылдайтын деген ел аузында аңыз-әңгіме де бар. Кейінірек Кеңес одағы кезеңінде ғарышқа сапар шеккен ұшқыштар "Космонавтар үйі" деп аталған аймақта радиациядан айығып шыққан екен.

Ата-аналар тарапынан балаларын лагерьге жіберу туралы өтініштер жыл сайын артып келеді. Балалардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру, оқушы дүниетанымын кеңейту, оларға жан-жақты көмек көрсету бағытында жұмыс жасайтын "Үржарайым" жазғы демалыс лагері бала өмірінде маңызды орын алады. Лагерьде бағдарламаға сай іс-шара жоспарлары Үржар аудандық білім бөлімінің келісімімен бекітіледі.

- Лагерьде "Су патшасы Сүлеймен", "Нептун күні", "Екі жұлдыз", "Жайдарман", "Лагерь аруы", "Лагерь сұлтаны", флешмоб сияқты әр түрлі сергіту сәттері мен ойындар ойнатылып, би кештерін ұйымдастырамыз. Лагерьде болған мерзімде балалар бір отбасының мүшелеріндей болып кетеді. Сондықтан да ауысым соңында қоштасу оларға қиынға соғады, - дейді Шалқар Шакеров.

Следующая →