Өскемен тұрғынының 260 мың теңгесін қолды қылды
Бірінші қабаттағы үйдің ашық тұрған терезі арқылы кіріп кеткен ұры 260 мың теңгенің затын қолды қылған
Тонау әрекеті күндіз сағат 12.00 шамасында болған. Ал үйі тоналған әйел дереу полицияға хабар берген.
- Зардап шегуші әйел үйге 25-30 жастағы, еуропалық нәсілдегі жігіттің үйге ұрланып кіргенін айтты. Қаскүнем ұры ақша мен құжаттар жатқан рюкзакты алып тайып тұрған, - дейді ШҚО ІІД.
Полицейлер із суытпай ұрыны ұстап алған. 39 жастағы күдіктінің бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.