Есірткіні өз үйінде қайнатқан
Зырян ауданының тұрғынының үйінен полиция қызметкерлері экстракциялық апиын анықтаған
Зырян аудандық сотында есірткі затын дайындап, сақтаумен айналысқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, айыпталушының үйін тексеру барысында тәртіп сақшылары 1,22 грамм тыйым салынған зат анықтаған.
Азамат ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Следующая →