Жанып жатқан өрттен ана мен баласы құтқарылды
Көкпекті ауданындағы Самар ауылында санаулы минуттардың ішінде жер үй түгел шарпыған
Өрт кеше тіркелді. Өрт сөндірушілер жеткенше көршілер жанып жатқан үйден 32 жастағы әйел мен жеті жастағы баласын алып шықты. Денелерін күйік шалып, өрттен зардап шеккендер аудандық ауруханаға жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үй толықтай жана бастаған. Құтқарушылар төрт сағат бойы тілсіз жаумен алысқан.
Өрт алаңы 200 шаршы метр. Өрттің шығуына электр құрылғысын орнату не пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамау немесе отқа салғырт қарау себеп болуы мүмкін.