ШҚО-да мал ұрлығы басталды
Алты айдың ішінде облыста 175 мал ұрлығы болған
Ал ұрылардың көбі өрісте қараусыз жүрген малды айдап кететін көрінеді.
Тәртіп сақшылары болса, малдың ұрлануына оның иесі өзі себепкер әрі жауапты екендігін айтуда.
- Малы ұрланған адамдардың көбі оның қашан, қай жерден жоғалып кеткенін айта алмай қиналады. Өйткені малдың иесі оған қарамайды. Кейде жоғалды, ұрланды деп жүрген мал аяқ астынан табылып жатады. Мәселен, 5 шілде күні Семей Ішкі істер басқармасына Қаракөл ауылының тұрғыны келіп жүгініп, 13 бас қойдың ұрланып кеткенін айтқан. Кейін жедел іздестіру тобы қойларды ауылдың жанында тауып алған, - дейді тәртіп сақшылары.