Өскеменнің тұрғыны футбол чемпионатының "қорытындысын" сатып алған
Жеңіл жолмен ақша табуды ойлаған әйел ғаламторда ойын кездесулерін болжап, жорамал жасайтын алаяқтарға 145 мың теңге төлеп алданып қалған
Қала тұрғыны алаяқтардың жарнамасын ғаламтордан көріп хабарласқан. Жарнамада алаяқтарын өздерін бұл салада жетік маман екендігін мақтап жазған.
- Оларға сенген әйел терминал арқылы 145 мың теңге санап салған. Алайда алаяқтар ойын нәтижесі жайлы ешқандай болжам нәтижесін жолдамаған. Қазір алаяқтық дерегі бойынша жедел тергеу шаралары жасалуда, - дейді ШҚО ІІД.
Құқыққорғау органдары тұрғындарға ғаламтор арқылы келісім жасауға абай болуын өтініп отыр.